ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ АЛМАСУ: ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАР КЕЛДІ
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне Жапонияның, Швецияның және Ұлыбританияның жетекші жоғары оқу орындарының белгілі ғалымдары келді. Шетелдік ғалымдар бір ай бойы «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Құқықтану», «Қаржы және есеп» білім беру бағдарламалары бойынша дәрістер, әрі практикалық сабақтар өткізеді.
Философия докторы, Лунд университетінің (Швеция) қауымдастырылған профессоры Rustamjon Urinboyev екі жылдан бері Жетісу университетімен белсенді ынтымақтастықта жұмыс жасауда. Ол «MOCCA: Multilevel Orders of Corruption in Central Asia» жобасының жетекшісі.
Философия докторы, профессор Тимур Дадабаев (Цукуба университеті, Жапония) және философия докторы, қауымдастырылған профессор Kobil Ruziyev (Батыс Англия университеті) университеттің оқытушыларына халықаралық деректер базасына кіретін басылымдарға ғылыми мақалаларды жазу әдіснамасы, импакт-факторы бар журналдарға мақалаларды жариялау үшін оларды таңдау әдіснамасы бойынша семинар өткізді.
Басқарма төрағасы-ректор Ермек Бөрібаев шетелдік ғалымдарды қабылдап, білім және ғылым саласындағы соңғы жаңалықтармен бөлісті. «Алыс шетелдің ғалымдарын шақырып, жазғы мектеп ұйымдастыру университеттің академиялық қоғамдастығын кеңейтіп, халықаралық мамандармен ынтымақтастықты нығайтады. Білім алушылар мен оқытушы ғалымдарымыздың білімі шыңдалып, тәжірибелері толысады», - деді ректор.
Жазғы мектеп аясында университет ғалымдары бірлескен бірнеше жарияланымдар мен ғылыми бастамалар үшін зерттеу жобаларын жоспарлап отыр. Бұл халықаралық аренадағы ғылыми беделді айтарлықтай нығайтады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -