Халықаралық отбасы күні: Павлодар облысы ТЖД көпбалалы отбасы
Халықаралық отбасы күнінде Павлодар облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары өзінің басты байлығы – балалары мен жан жары екенін айтты.
Берік Омаров пен жұбайы Нұргүл Пазылова 21 жыл отасқан, алты сүйкімді бала тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы. Ерлі-зайыптылардың екі ұлы мен төрт ару қыздары бар. Нұргүл жұбайы Беріктің жұмысы өте қиын, жауапты екеніне қарамастан әрбір бос минутты отбасымен өткізгенді жақсы көреді дейді жымиып. Балалар әкелерін өте жақсы көреді, әрқашан оның қызметтен оралуын күтіп жүреді.
Бақытты Омаровтар отбасының сыры – өзара түсіністікте. Берік өңірді өрттен қорғайды, ал Нұргүл оның сенімді серігі, отбасының ошағын күзетушісі.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -