Халықаралық отбасы күні: Шығыс Қазақстан облысы ТЖД көпбалалы отбасы
ШҚО ТЖД-де ең көп балалы Бөлекпаевтар отбасы. Өскемен қаласының №4 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Айдар Бөлекпаев жетінші рет әке атанды. Айдар Бөлекпаевтың 6 ұлы өсіп, тәрбиеленуде. Міне, 2024 жылдың наурыз айында көптен күткен қызы дүниеге келді. Қыздың есімі Асылжан.
Айдар Бөлекпаев өрт сөндіру қызметінде 18 жылдан бері қызмет атқарады. Өрт сөндірушінің қызметтік тізімінде – Күршім ауданында, Алтай ауданында орман өрттерін және 2023 жылы Абай облысындағы ірі табиғи өртті сөндіруге қатысты.
«Әр адам үшін өмірдің маңызды құрамдас бөлігі - отбасы. Менің отбасым менің қорғаным, өмірдің басты мәні. Әйелім Аяулым қазір мен қызметте болған кезде балаларды тәрбиелеуге толықтай өзі атсалысады. Барлығына осы бақытты тауып, үйде жылы ошақ құруды тілеймін», - деді Айдар.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -