Халықаралық Отбасы күні құтты болсын!
Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді Халықаралық Отбасы күнімен құттықтаймын!Отбасы-қоғамның негізі. Қазақ халқы ежелден "Отан отбасынан басталады" дейді. Себебі отбасы институтын дамыту қашан да біздің мемлекетіміздің саясатындағы басым бағыттарының бірі болып табылады.Елімізде әлеуметтік бағдарламаларды, білім беру мүмкіндіктерін және құқықтық қорғауды қамтамасыз ету, отбасылық байланыстарды нығайтуға ықпал ету және келесі ұрпақ үшін тұрақты болашақты қамтамасыз ету арқылы отбасын қолдау маңызды рөлге ие.Уақыттың үрдістеріне және заманның күн санап өзгеруіне қарамастан, біз үшін жылы отбасылық дәстүрлер, ұрпақтар арасындағы сабақтастық, үлкенге құрмет пен кішіге ізет көрсету әлі де зор маңызға ие.Бұл туралы ҚР Президенті ағымдағы жылдың сәуір айында қол қойған және әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған жаңа заң да айтып отыр. Аталған заң елде отбасылық құқықтың жаңа принциптерін белгілей отырып, әлемдегі ең прогрессивті елдердің қатарына енуімізге ықпал етері анық. Оған сәйкес, отбасына, бала тәрбиесіне қатысты барлық мәселелер дәстүрлі отбасылық құндылықтарды ескере отырып шешілетін болады.Осы күні мен барша отбасыға ынтымақ пен татулық, құт-береке тілеймін!Құрметпен,ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілАртур Ластаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -