Халықаралық сарапшылар Қазақстанның азаптаумен күрестегі жетістіктерін атап өтеді: Астана қаласы, 23 Қаңтар 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Халықаралық сарапшылар Қазақстанның азаптаумен күрестегі жетістіктерін атап өтеді

Женевада Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық құқық қорғаушылардың қатысуымен қосымша іс-шара өтті. Уәкіл қоғамды Қазақстандағы азаптауларға қарсы күрестің қазіргі жағдайымен таныстырып, еліміз бұл салада мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанатынын атап өтті.

«Бірқатар жүйелі шаралар қабылданды. Біріншіден, азаптауды тергеп-тексеру жөніндегі айрықша өкілеттігі бар жалғыз мемлекеттік орган анықталды: ол - прокуратура. Екіншіден, жабық мекемелерге 45 мыңнан астам бейнебақылау камералары орнатылған. Үшіншіден, түрме медицинасы Ішкі істер министрлігінен Денсаулық сақтау министрлігіне берілді», - деді Артур Ластаев.

Айта кетейік, 2023 жылы азаптау фактілері бойынша шағымдар саны екі есеге – 920-дан 462-ге, ал 2024 жылы – 193-ке дейін азайған.

«Қазақстанның азаматтық қоғамы өз институттарын нығайтуға тырысуда және бұл реформалардың кез келген түрі үшін маңызды. Азаптауға қарсы күрестегі оң статистика көңіл қуантарлық – бұл бір ғана нақты шара емес, осы саладағы жалпы оң нәтижелерге ықпал еткен шаралардың жиынтығы», - деді Еуропалық қоғамдық құқық делегациясының басшысы Георгий Пападатос.

«Адам құқықтары жөніндегі комиссия бүгін өз жұмысын таныстырды, ол азаптаулардың алдын алуда ғана емес, сонымен бірге осы қылмыс жасағандарды жазалауда да жақсы ілгерілеушілік көрсеткен. Бұл қаңтар оқиғасынан кейін талқыланған ең үлкен мәселе болды және Қазақстанның бұл жағдайды қалай шешкені таңғалдырады», - деді «Әділет баршаға» үкіметтік емес ұйымының атқарушы директоры Шароф Азизов.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Женевада Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық құқық қорғаушылардың қатысуымен қосымша іс-шара өтті. Уәкіл қоғамды Қазақстандағы азаптауларға қарсы күрестің қазіргі жағдайымен таныстырып, еліміз бұл салада мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанатынын атап өтті.

«Бірқатар жүйелі шаралар қабылданды. Біріншіден, азаптауды тергеп-тексеру жөніндегі айрықша өкілеттігі бар жалғыз мемлекеттік орган анықталды: ол - прокуратура. Екіншіден, жабық мекемелерге 45 мыңнан астам бейнебақылау камералары орнатылған. Үшіншіден, түрме медицинасы Ішкі істер министрлігінен Денсаулық сақтау министрлігіне берілді», - деді Артур Ластаев.

Айта кетейік, 2023 жылы азаптау фактілері бойынша шағымдар саны екі есеге – 920-дан 462-ге, ал 2024 жылы – 193-ке дейін азайған.

«Қазақстанның азаматтық қоғамы өз институттарын нығайтуға тырысуда және бұл реформалардың кез келген түрі үшін маңызды. Азаптауға қарсы күрестегі оң статистика көңіл қуантарлық – бұл бір ғана нақты шара емес, осы саладағы жалпы оң нәтижелерге ықпал еткен шаралардың жиынтығы», - деді Еуропалық қоғамдық құқық делегациясының басшысы Георгий Пападатос.

«Адам құқықтары жөніндегі комиссия бүгін өз жұмысын таныстырды, ол азаптаулардың алдын алуда ғана емес, сонымен бірге осы қылмыс жасағандарды жазалауда да жақсы ілгерілеушілік көрсеткен. Бұл қаңтар оқиғасынан кейін талқыланған ең үлкен мәселе болды және Қазақстанның бұл жағдайды қалай шешкені таңғалдырады», - деді «Әділет баршаға» үкіметтік емес ұйымының атқарушы директоры Шароф Азизов.

Аймақтағы жаңалықтар