«Халық қатысатын бюджет»: Алмалы ауданында 1,8 млрд теңгеге 47 жоба жүзеге асырылды
Алмалы ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 52 жобаны жүзеге асыруға 2024 жылы 2,2 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.
Қала басшысы Алматы әкімдігі аудан тұрғындары үшін қолайлы қалалық орта құруға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.
«2024 жылы «Халыққа қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 52 жобаны іске асыруға 2,2 млрд теңге бөлінді. Жыл басынан бері 1,8 млрд теңгеге 47 жоба іске асырылды» , - деді Ерболат Досаев.
Оның ішінде аула аумақтарын жөндеу бойынша 30 жоба, автосуаруды орнатумен көгалдандыру бойынша 3 жоба және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және көгалдандыру бойынша 14 жоба, оның ішінде Розыбакиев көшесі бойындағы заңсыз базар орнында жаңа скверді, Дүйсенов көшесінің бұрышын, ауданы 0,5 га, с. Мұқанов атындағы скверді және Мұратбаев көшесіндегі жасыл аймақты абаттандыру, Төле би көшесінің қиылысы, Қожамқұлов көшесінің бойындағы скейт алаңын жайластыру, Жамбыл көшесінің қиылысы және Абай даңғылынан Құрманғазы көшесіне дейінгі Қашғар көшесінің бойындағы қоғамдық кеңістікті ұйымдастыру.
2024 жылдың соңына дейін 400 млн теңгеге қалған 5 жоба аяқталады.
Аудан тұрғындарының өтініші бойынша 2024 жылдың қараша айында жұмыстардың аяқталуымен жалпы сомасы 460 млн теңгеге 23 аула аумағына ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды.
«Халықа қатысатын бюджет» – бұл тұрғындар әкімдіктермен бірлесіп жергілікті бюджет қаражатын жүзеге асыратын жоба. Тұрғындардың өздері абаттандыру идеяларын ұсынады, оларды жоба деңгейіне дейін пысықтайды, содан кейін онлайн-дауыс беру арқылы жеңімпаздарды таңдайды.
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша биыл осы бағдарлама бойынша қаржыландыру 2 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.
Жыл соңына дейін 13 көппәтерлі үйдің тұрғындарына 230 млн теңгеге 22 лифт жаңартылып, 9 тұрғын үйдің шатыры, қасбеті мен инженерлік желілері 465 млн теңгеге жөнделеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -