«Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясын өткізу туралы
«Халық заңгері» республикалық акциясы аясында кез келген адам тегін заңгерлік кеңес ала алады және мемлекеттік органдар өкілдеріне тікелей хабарласа алады.
Акция 30 мамырда сағат 17:00-де еліміздің ірі қалалары мен елді мекендерінде өтеді. Мемлекеттік органдар өкілдері және елдің үздік заңгерлері мен адвокаттары азаматтарды қабылдап, кез келген құқықтық мәселелер бойынша халыққа кеңес береді. Кіру тегін. Өз мәселеңіз бойынша неғұрлым толық және дәл кеңестер алу үшін осы ісіңізге қатысты құжаттарды өзіңізбен бірге алып келіңіз.
Акцияның өтетін орны: Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі 119/1, Салтанат сарайы.
Өткізілетін орындар туралы ақпарат
https://prg.kz/lp/narod-jur-2024/
сайтында.Ұйымдастырушылар: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Параграф» АЖ, Zakon.kz желілік басылымы, мемлекеттік органдар, адвокаттар мен заңгерлер.
Көмектесу үшін бірігеміз!
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -