ХЕҰ делегациясы Астанадағы бағалы металдарды қайта өңдеу зауытының жұмысымен танысты
Халықаралық еңбек ұйымының (бұдан әрі – ХЕҰ) бас директоры Жильбер Унгбо бастаған делегациясы елордамыздағы алдыңғы қатарлы кәсіпорындарының бірі – «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауытының жұмысымен танысты.
Құрамында бағалы металдар бар шикізатты қайта өңдеуге және тазартуға маманданған зауыттың жұмысымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және «PARYZ» Ұлттық Жұмыс берушілер конфедерациясының (бұдан әрі – «PARYZ» ҰЖБК) өкілдері де танысты.
Кәсіпорынды аралау барысында делегаттар өндірістік цехтарға барып, қауіпсіздік техникасын сақтау ерекшеліктерімен танысып, еңбек ұжымымен әңгімелесті.
Кәсіпорын қызметімен танысу соңында делегаттар «Тау-Кен Алтын» ЖШС-пен «PARYZ» ҰЖБК арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюдың куәсі болды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -