IFAD қоры АӨК дамыту бойынша Қазақстан қабылдап жатқан шаралардың тиімділігін оң бағалады
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров халықаралық Ауыл шаруашылығын дамыту қорының (IFAD) Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Еуропа бөлімінің өңірлік директоры Дина Салехпен кездесті.
Министр Қазақстан IFAD-пен ынтымақтастықты нығайтуға және ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігін дамытуға бағытталған жобалық портфельді құруға ұмтылатынын атап өтті.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ауыл шаруашылығын дамыту бойынша ауқымды талдау жүргізіп, Жол картасы мен Агроөнеркәсіптік кешеннің тұжырымдамасын жасадық. Біз егістік алқаптарын жеделдетіп әртараптандыру, агротехнологияларды енгізу және агроөнеркәсіптік кешендегі басым инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін шешуді көздеп отырмыз.
Осыған байланысты IFAD-пен серіктестікте үлкен әлеуетті байқадық. Біздің өзара іс-қимылымыз алдағы жылдарға белгіленген негізгі әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретініне сенімдімін.
Біз озық агротехнологияларды енгізу, ауыл шаруашылығы техникасын жаңғырту, экспорттық инфрақұрылымды жақсарту және ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша бірлескен жобаларды ұсынып отырмыз», – деген Айдарбек Сапаров қормен өзара іс-қимылдың бірқатар маңызды бағыттарын атады.
Олардың қатарында қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін ұлғайту үшін инновациялық технологияларды, заманауи агротехнологияларды, ауыл шаруашылығының жалпы өнімін ұлғайту үшін Ауыл шаруашылығын жүргізудің тұрақты әдістерін, жеңілдікті лизинг және субсидиялау бағдарламаларын енгізу, қайта өңдеу қуаттарын жаңғырту және кеңейту және т. б. бар.
Өз кезегінде Дина Салех IFAD ұйымына 178 мемлекет мүше, оның ішінде Қазақстан да бар екенін жеткізді. 100 елде өкілдіктері бар қор қаржы ресурстарын жұмылдырады және оларды ауыл шаруашылығын дамыту үшін жеңілдетілген шарттармен дамушы елдерге береді.
"Біз еліңіздің экономикалық дамуына қатты таң қалдық, ауыл шаруашылығы мемлекеттің басым бағыттарының бірі екендігі қуантады. Сіздермен ынтымақтастыққа және бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделіміз. Жобаларды қаржыландырудан басқа, сіздерге техникалық сараптамалар мен инновацияларды ұсына аламыз", - деп АӨК-де іске асырылып жатқан шаралардың тиімділігін оң бағалады Дина Салех.
Кездесу соңында министр аграрлық сектордың тұрақты дамуына ықпал ететін нақты қадамдар мен жобаларды талқылауға дайын екенін білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -