Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Пасха - бүкіл христиан әлемі үшін жарқын мереке. Бұл күн баршаңызға зор қуаныш, ертеңгі күнге деген сенім мен күш-жігер әкелсін.
Пасха дәстүрлері Қазақстанның көпмәдениетті қоғамында қаншама жылдар бойы атап өтіледі. Бұл мереке барлық этнос пен дін өкілдерінің басын қосып, отбасылық құндылықтарды, өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға ықпал етеді.
Қасиетті күн баршаңызға жаңа мүмкіндіктер мен шабыт сыйласын. Отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық, бақ-береке тілейміз!Құрметпен,Артур ЛастаевАдам құқықтары жөніндегі уәкіл
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -