IRENA жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі сенім грамоталарын тапсырды
Абу Даби, 2024 жылдың 2 шілде – Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі және Халықаралық жаңартылатын энергия көздері агенттігіндегі (IRENA) ҚР Тұрақты өкілі Нажмедин Мұхаметәліұлы IRENA Бас директоры Франческо Ла Камераға сенім грамоталарын тапсырды.
Кездесу барысында ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарына қатысты мәселелер талқыланды. Н. Мұхаметәліұлы жаңартылатын энергетика саласында әртүрлі елдердің күш-жігерін біріктіретін IRENA-ның маңызды рөлін атап өтті.
ҚР Тұрақты өкілі Ұйымның жұмысына белсенді қатысып, серіктестік қарым-қатынастарды дамытуға дайын екенін растады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілік білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -