IT сарапшылары ақылды қала тұжырымдамасын әзірлеуді талқылады: Абай облысы, 17 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

IT сарапшылары ақылды қала тұжырымдамасын әзірлеуді талқылады

Абай облысында аймақтың цифрлық дамуының өзекті мәселелері талқыланды. Талқылауға провайдерлердің, ұялы байланыс операторларының және IT-компаниялардың өкілдері қатысты. Негізгі тақырыптар Семей қаласының «Ақылды қала» тұжырымдамасын әзірлеу бойынша Жол картасын жүзеге асыру, республикалық жолдар бойында антенналық бағаналар орнату және халықты жоғары сапалы интернет желісімен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты болды.

Негізгі мақсат – қала ресурстарын тиімді басқару, тұрғындар үшін қауіпсіз, әрі жайлы өмір сүру үшін жоғары технологиялық шешімдерді енгізу. Ақылды қала құру әдістемесіне сәйкес кешенді аудит жүргізілді, қалалық ортаны өзгертуге бағытталған негізгі және қосымша жобалар анықталды. Жоба аясында бейнебақылау жүйесі орнатылуда. Жыл соңына дейін желіні бейне-аналитикалық элементтері бар 342 камераға кеңейту жоспарланса, жол ережесін бұзғандарды тіркейтін құрылғылардың саны 130 бірлікке дейін артады.

Өртке қарсы орталықтандырылған жүйеге ерекше назар аударылмақ. 2024-2025 жылдары бірқатар нысандарды автоматты ескерту және апатты жою жүйесіне қосу арқылы күрделі жөндеу жоспарланған. Сонымен қатар, мектептер мен басқа да мекемелерді полицияның жедел басқару жүйесіне қосу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде, соның ішінде білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті жақсарту үшін камералар мен дабыл түймелерін орнату көзделген.

Цифрлы қала жолындағы маңызды қадам «Smart Semey» мобильді қосымшасын құру болмақ. Ол азаматтарға қала жүйелеріне қосылған 47-ден астам ақпараттық қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Негізгі функциялардың бірі «Белсенді азамат» модулі болады. Мұнда әрбір тұрғын сауалнамаға қатысып, өз ұсыныстарын айта алады.

Әзірлеушілер сонымен қатар спорт, туризм және көлік салаларында цифрлық шешімдерді енгізуге күш салды. Атап айтқанда, спорттық іс-шараларды басқаруға және спортшылардың деректерін тіркеуге арналған қосымшаларды, сондай-ақ туристерге арналған онлайн гид, соның ішінде Алакөл көлінде қонақүйлерді брондау жүйесін құру жоспарлануда.

«Өңірімізді цифрландыру барысында тек бір ғана бағытқа назар аудармай, барлық сала қамтылуы керек. Яғни, жасалатын жобалар елімізде, өңірімізде медицина, білім, құрылыс, өнеркәсіп салаларының қарқынды дамуының бірден-бір іргетасына айналуы тиіс», – дейді цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Абзал Серікұлы.

Қалалық инфрақұрылымды цифрландырудың жарқын мысалдарының бірі – тұрғындар дәл уақытында қоғамдық көлік қозғалысы туралы ақпаратты ала алатын «ақылды» аялдамалар.

Қала тұрғындары мен туристердің өмір сүру сапасын жақсарту үшін қоғамдық және туристік орындарда ашық интернетке нүктелерін орнату жоспарлануда. Бұл қала жағалауы, қоғамдық орындар, орталық саябақ, орталық алаң және М.Әуезов алаңы.

Ақпарат көзі: Абай облысының әкімдігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар