Әйелдер басқаратын ШОБ үшін зияткерлік меншікті басқару клиникаларын құру бойынша ДЗМҰ жобасын іске қосу
2024 жылғы 3 қыркүйекте Орталық Азия (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан) және Беларусь елдерін қамтитын әйелдер басқаратын ШОБ үшін зияткерлік меншікті басқару клиникаларын құру жөніндегі ДЗМҰ жобасы іске қосылды.
Әділет вице-министрі Ботагөз Шаймарданқызы Жақселекова құттықтау сөз сөйлеп, бұл жоба әйелдер кәсіпкерлігін қолдаудағы және біздің өңірдегі инновацияларды ілгерілетудегі маңызды қадам екенін атап өтті.
Бұл жоба қатысушыларға зияткерлік меншікті пайдалану мен қорғаудың тиімді стратегияларын әзірлеудің қажетті құралдарды ұсынады, бұл олардың өнімдері мен қызметтерінің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға маңызды үлес болады.
Жобада Қазақстан еліміздің мәдени мұрасын белсенді насихаттайтын «ЭкоДом» ұлттық тамақ өнімдерін өндіруші (Павлодар қ.), «Artlab» креативті ойлау мектебі (Астана қ.), «Вigname» коммерциялық брендтерін әзірлеуші (Астана қ.), «Adili» дизайн-студиясы (Астана қ.) сияқты бірқатар табысты компаниялармен және SARQYT «МК «Сorporation» бірегей музей-мейрамханасының өкілімен (Ақтөбе қ.) таныстырылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -