Көкпекті ауданында көшелерді жарықтандыру жұмыстары жалғасуда
Көкпекті ауданында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.
Үлгілімалшы ауылында ұзындығы 0,7 шақырымды құрайтын 20, Сүлеймен ауылында ұзындығы 0,4 шақырымды құрайтын 14 жарық бағаналары қойылды.
Сонымен қатар аталған жоба шеңберінде биыл ауылдың ішкі жолдарын орташа жөндеуде (2 жоба), көшені жарықтандыруда (11 жоба), аумақтарды абаттандыруда (3 жоба) қоса алғанда, жиыны 16 жобаны іске асыру жоспарлануда.
«Ауыл – ел бесігі» жобасының мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, сондай-ақ ауылдарды тұрақты дамыту.
Анықтама үшін: бүгінде Үлгілімалшы ауылында 161 аула бар, онда 664 адам тұрады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -