Көкшетау қаласнында "Халық қатысатын бюджет" жобасы бойынша 12 балалар ойын алаңы және 7 спорт алаңы салынатын болады
Ақпан айында «Халық қатысатын бюджет» жобасы бастау алды, ол туралы әлеуметтік желілерде және Көкшетау қаласы әкімдігінің ресми сайтында жариялаған болатынбыз. Халық қатысатын бюджет басты ерекшелігі тұрғындар бюджеттің дұрыс бөлінуіне ат салысады. Яғни, тұрғындар өз аулаларын дұрыстауға ұсыныс жолдайды, спорт немесе балалар алаңының сызбасын өздері дайындайды және бөлінетін қаражат сомасын да көрсетеді.
Келесі этапта сараптама комиссиясы келіп түскен ұсыныстардың заңнамаға сәйкестігін тексеріп, онлайн дауыс беруге бағыттайды. Онлайн дауыс беру де халықтың қатысуымен жүзеге асырылады. Кем дегенде 50 дауыс жинаған жобалар іске асырылатын болады.
Биылғы жылы көкшетаулықтар белсене қатысты десе де болады. Сараптама комиссияның қарауына 50 жоба келіп түсті, 10 жоба талаптарға сай келмегендіктен өткен жоқ.
Онлайн дауысқа 40 жоба жолданды, оның 19-ы 50 жоғары дауыс алды. Дауыс беруде максималды дауысты Назарбаев даңғылы 3 үйді абаттандыру жобасы 212 жинады.
Назарбаев 3,11, 64, Сарыарқа 10/1,10/2,10/3, Васильсковский 7, Юбилейный 42, 43, А.Құнанбаев 28,38,40,42; Сұңқар 6, Шаңырақ 6А, 24, М.Әуезов 3, Вернадский-Джандильдинов, Джандильдинов 94, Елемесов 58, Қ.Сәтпаев 16/ Ақан сері 91, Боровской 63/64, Быковское, Гастелло (Ш.Уәлиханов/Ж.Саин) мекенжайлары бойынша жобалар 50-ден жоғары дауыс жинады.
Сонымен, Халық қатысатын бюджет бойынша биыл 12 балалар алаңы және 7 спорт алаңы салынатын болады.
Елемесов 58 және 67, Юбилейный 42 және 43, Әуелбекова 116, Боровское 63, Жангелдинова 94, Саина 32, Центральная 47 А мекенжайлары бойынша жұмыстар басталып кетті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -