КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ
АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Көкшетау қаласында осы жылдың мамыр айынан бастап алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары белсенді жүргізілді.
«Көкшетау Жылу» бас директоры Мақышев Русланның айтуынша, 1-АҚ және 2-АҚ қазандықтарын, сондай-ақ жылу желілерін жөндеу бойынша бірқатар жоспарланған іс-шаралар орындалды.
«Біз барлық жоспарланған жөндеу жұмыстарын аяқтап жатырмыз. 1-АҚ екі бу қазандығына, 2-АҚ №8, 9, 10 шаң көмір агрегаттарына жөндеу жүргізілді, шикі көмір бункерлері ауыстырылды. 2024-2025 жылыту маусымының басталуын 25 қыркүйекте жоспарлап отырмыз. Ең алдымен, барлық әлеуметтік нысандарды қосамыз, олар мектептер, ауруханалар, балабақшалар», - деді Р.Мақышев.
2024 жылы бекіту арматурасына, сорғыларға және басқа да жабдықтарға ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізілді, 1-АҚ, 2-АҚ және ЖЗҚ-1 электрмен жабдықтауды жаңғырту бойынша екі жылдық жоба аяқталды. Красный Яр ауылы мен Станционный кентінің қазандықтарында қазандық агрегаттарына ағымдағы жөндеу жүргізілді.
М.Ғабдуллин көшесіндегі магистральдық жылу желілерін ауыстыру, сондай-ақ Боровской, Бірлік және Юбилейный шағын аудандарындағы, Хасеновский қалашығы жылу трассасын монтаждау жөніндегі жұмыстарды аяқтауға жақындап келеді. Жұмыстарды 25 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарлануда.
Айта кетейік, қалада жылыту маусымы Халықаралық құрылыс нормаларына сәйкес басталады (ХҚН 4.02-02-2004) сыртқы ауаның белгіленген орташа тәуліктік температурасы «+10°С» болғанда басталады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -