Көкшетауда «JEKE KLUBTAR FUTBOL LIGASY» республикалық футбол турнирінің жеңімпаздары марапатталды
Облыс орталығында балалар арасындағы «Jeke Klubtar Futbol Ligasy» республикалық футбол турнирінің финалдық кезеңі өтті.
«Jeke Klubtar Futbol Ligasy» мен Қазақстан футбол федерациясының бірлескен жобасы бес жас санаты бойынша жеке футбол клубтарының әуесқой командалары үшін 4 жыл қатарынан өткізіліп келеді.
Жарысқа еліміздің 17 өңірінен 55 команда қатысты. Биыл қатысушылар саны 1500 адамды құрады.
Турнир жеңімпаздарына кубоктар мен медальдарды Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев табыс етті.
Айта кетейік, чемпионат 2024 жылғы 1-6 қазан аралығында Көкшетау қаласында екі кезеңде өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -