Көкшетауда облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
Көкшетауда Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың қатысуымен сегізінші сайланған Ақмола облыстық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясы өтті.
Сессия жұмысына облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттары, басқармалар мен департаменттердің басшылары, Қоғамдық кеңестің, БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында өңір басшысы 2023 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы баяндады.
Облыстық бюджет шығындарының құрылымы 15 функционалдық топта ұсынылғаны атап өтілді. Экономиканың нақты секторын дамытуға облыстық бюджеттен шамамен 223 млрд теңге бөлінді, оның басым бөлігі - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидиялар. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа 59,2 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 20 млрд теңгеден астамы 18 өңірде сумен жабдықтауды жақсартуға бағытталды, нәтижесінде халықтың сумен қамтамасыз етілуі 96,7% құрады.
Сондай-ақ, 12 өңірде газ тасымалдау және жылу энергетикасы жүйесін дамытуға қаражат бөлінді. Сонымен қатар, 14 млрд теңге коммуналдық кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, 4 ауданға қазандықтар сатып алуға және 9 өңірде жылу беру маусымына дайындықты аяқтауға жұмсалды.
Бюджет есебінен биыл 1017 км жергілікті маңызы бар жолдар мен көше-жол желісі жөнделді.
«Есепті жылдағы облыстық бюджеттің атқарылу серпіні - бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жақсы жұмысының көрсеткіші. Ағымдағы жылы 2024 жылдың қорытындысы бойынша бюджет қаражатын игеру, тікелей және түпкілікті нәтижелер бойынша бойынша ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін осы қарқын мен қол жеткізілген нәтижелерді сақтау қажет», – деді М.Ахметжанов.
Облыс әкімі депутаттық корпустың бюджетті қалыптастырудағы және оның орындалу сапасын бақылаудағы рөлін атап өтті, халық қалаулыларына қолдауы мен бірлескен жұмысы үшін алғыс айтты.
Сонымен қатар, мәслихат сессиясында тіл саясатын, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын, жер қатынастарын және т.б. іске асыру мәселелері қаралды, кадрлық өзгерістерге байланысты әкімдіктің және бірқатар консультативтік-кеңесші органдардың жаңартылған құрамы бекітілді, облыстық мәслихаттың бірнеше шешімдеріне өзгерістер енгізілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -