Көкшетауда Қопа көлінің жағалауы бойында жол құрылысы басталды
Облыс әкімінің бастамасы бойынша бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бүгін Кенесары көшесінен Көкшетау қаласындағы Қан орталығына бұрылғанға дейін Қопа көлінің жағасында автожол құрылысы басталды.
Елеулі жобаны жүзеге асыру көлік инфрақұрылымының дамуына әсер етіп, негізгі көшелердегі көлік ағынын жеңілдетеді және жалпы қаланы көркейтеді.
Компания жол салумен қатар абаттандыру, жарықтандыру, веложол, су бұру арналары мен көгалдандыру жұмыстарын да жүргізеді.
Қазіргі кезде арнайы техника – экскаваторлар, бульдозер, жүк тиегіш және самосвалдар алаңды тазалап жатыр, 60 адам жұмылдырылған. Жыл соңына дейін азаматтардың демалысы үшін жаңа орын пайда болады. Жазда белсенді спортпен және балық аулаумен айналысуға болады, ал қыста коньки тебуге болады.
Жұмыстың басталуымен облыс әкімі Марат Ахметжанов танысты. «Алтынтау Көкшетау» АҚ бас директоры Игорь Когайдың айтуынша, жұмыс тоқтаусыз, арнайы кесте бойынша жүргізілмек. Көкшетау қаласының әкімдігімен инженерлік желілерді алып тастау бойынша кеңестер өтті. Аяқтаудың болжамды мерзімі – қараша айының ортасы.
«Жұмыс бір секундқа да тоқтап қалмауы керек. Сондай-ақ халықпен тұжырымдаманың қоғамдық тыңдауын өткізу қажет. Ең алдымен, бұл адамдар үшін болуы керек. Олардың ыңғайлылығы мен жайлылығы үшін», - деді аймақ басшысы.
Айта кетсек, «Казцинк» ЖШС-мен жасалған келісім-шарт бойынша мердігер «АБК-Автодор НС» ЖШС (BI Group бөлімшесі) болып табылады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -