Көкшетауда тұрғын үйді бұзу және су тасқынынан кейін өзенді тазарту жұмыстары жүргізілуде
Облыс әкімі Марат Ахметжанов Көкшетау қаласы бойынша жұмыс сапары аясында жергілікті компаниялардың инвестициялары есебінен салынып жатқан бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.
Бірінші нысан Элеватор ауданындағы көктемгі су тасқыны кезінде су басқан үйлер болды. Облыс әкімі М.М.Ахметжанов «Мейір» ЖШС мердігерлік ұйымының апатты тұрғын үйлерді бұзу жұмысымен танысты. Жалпы алғанда зардап шеккен 64 үй бұзылмақ. Естеріңізге сала кетейік, су басқан үйлердің тұрғындары бұдан бұрын жаңа пәтерлерге көшкен еді.
«Аумақты тазалап, осы үйлердің орнына не салу қажет екенін ойластыру керек. Ең алдымен, жақын маңдағы № 8 орта мектептің мүдделерін ескерген жөн. Мәселен, оқу орнының спорт алаңын кеңейтуге болады. Бұл жер қазір мемлекеттік қорға өтіп жатқанын ескерсек, абаттандырумен де айналысу қажет», - деді әкім.
Сондай-ақ, өңір басшысы Қылшақты өзенін тазарту барысымен танысып, мектепке жақын маңда салынған жаңа көпірді тексерді. Ескі көпір биылғы тасқынның салдарынан жарамсыз болып қалған еді. Естеріңізге сала кетейік, мамандандырылған ұйымдар Қылшақты өзенінің қауіпті аймақтарында іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде су деңгейін көтеру және су қоймасының гидрологиялық режимін жақсарту үшін ұзындығы шамамен 4 км өзен аңғарын тазарту туралы шешім қабылданды.
Мердігер – «Qazaq Union» ЖШС-нің айтуынша, Қылшақты өзенін тазарту жұмыстары 5 тамызда басталған.
«Жүргізіліп жатқан жұмыс – су тасқынының алдын алу бойынша бірінші кезектегі шара. Қос жағалауды сапалы тазартып қана қоймай, нығайту жұмыстарын да ескеру қажет», - деп атап өтті облыс әкімі.
«Барлық жұмыстар уақытылы орындалады. Үйлерді бұзу аяқталғаннан кейін, жаңа әлеуметтік нысандарды бекіту үшін бас жоспар қарастырылады. Көпірді қайта құру туралы айтатын болсақ: бұл жұмыстарды «Сервис НС» ЖШС мердігер ұйымы атқарды. Көпірдің ұзындығы 45 метр, жаяу жүргіншілер бөлігінің ені 4 метр, екі жарықтандыру тірегі және сегіз шам орнатылды», - деп атап өтті Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Д.К.Жүнісов
Сонымен қатар, Қылшақты өзенінің бойында Абай көшесіндегі автомобиль көпірінен Сүлейменов көшесіндегі жаяу жүргіншілер көпіріне дейін тағы бір аллея пайда болды. «Балықшы аллеясының» бастамашысы Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Рүстем Тұржанов болды.
«Бұл аллеяда «Home Credit Bank» демеушілік қаражаты есебінен күн батареяларында жұмыс істейтін 12 жарықдиодты шам, орындықтар мен әткеншектер орнатылды. Көкшетау қалалық мәслихатының депутаттық корпусымен бірлесіп жабайы алма ағашының көшеттері отырғызылды», - деді «Бука» ЖШС директоры Р.Э.Тұржанов
Айта кетейік, бұл жоба Көкшетау қаласының «Бука», «Qazaq Union», «Алма-Микс», «ЭнергоПромТехно» серіктестіктерінің және Home Credit Bank бастаған әлеуметтік белсенді бизнес қайраткерлерінің демеушілік қаражаты есебінен су тасқынының алдын алу шеңберінде іске асырылды.
Оған қоса, өңір басшысы Шалқар көшесіндегі салқын салдырын жою аясында қолға алынған аула аумақтарын күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
«Атқарылған жұмыстар инфрақұрылымды жақсартуға және тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталуы тиіс. Төтенше жағдайдың қайталанбауы үшін барлық оң және теріс жақтарын ескеру қажет», - деп атап өтті Марат Ахметжанов.
Тағы бір салынып жатқан нысан – Қопа көлінің бойындағы Қан орталығынан Кенесары көшесіне дейінгі жол. Бұл учаскедегі жұмысты «АБК Автодор НС» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізеді. Қазіргі уақытта мердігер көпірден орталық базарға дейінгі жолды жөндеуге кірісті.
«Учаскеде қара қиыршық тастан жасалған негіздің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Орындалған жұмыстардың жалпы көлемі 8 500 шаршы метр», – деді «АБК-Автодор НС» ЖШС жоба жетекшісі Азамат Бірсейітов.
Айта кетейік, жобада 2 жақты жарықтандыру, екі жағынан тротуар, бір жағынан велосипед жолы, су бұру науалары, бағдаршам нысандарымен қиылыстарды жайластыру және көгалдандыру қарастырылған. Жұмыстарды 10 ай ішінде аяқтау жоспарлануда.
«Бұл нысанда бәрі келісілуі керек. Қазір міндет-демалыс аймақтарын, спорт алаңдарын, пирстерді салу үшін аумақты дайындау. Барлығы облыс орталығының келбетіне сай болуы керек. Сонымен қатар, Көкшетау көлі бар жалғыз облыс орталығы екенін ұмытпаған жөн», - деп түйіндеді Марат Ахметжанов.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -