Көкшетауда ЖЭО құрылысы бойынша жұмыстарды үшінші тоқсанда бастау жоспарлануда: Ақмола облысы, 17 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Көкшетауда ЖЭО құрылысы бойынша жұмыстарды үшінші тоқсанда бастау жоспарлануда

Облыс әкімі Марат Ахметжанов «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдерімен өткізген кеңесте Көкшетау қаласында ЖЭО құрылысының жобасын іске асыру мәселелерін талқылады.

Өңір басшысы облыс орталығын жылумен қамтамасыз ету стратегиялық маңызды мәселелердің бірі екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында ЖЭО құрылысына ерекше көңіл бөлінеді. Біз барлық күш-жігерімізді салып, жобаны уәде етілген мерзімде іске асыруымыз керек», - деп атап өтті М.Ахметжанов.

Өз кезегінде «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов кеңеске қатысушыларды жобалық жұмыстардың басталуы және жобаны іске асыру жөнінде алдағы жоспарлар туралы хабардар етті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сәйкес «Самұрық-энерго» АҚ-мен ЖЭО құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін өзектендіру рәсімі басталды және «Көкшетау ЖЭО» ЖШС құрылды.

«ИНТЕР РАО-Экспорт» ЖШҚ-мен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге келісімшарт жасасу келісу сатысында, жер учаскесін бөлу және бастапқы деректерді жинау мәселесі пысықталуда.

Дайындық жұмыстары, атап айтқанда аумақты қоршауды, кірме жолдарды салуды, инженерлік ізденістерді биылғы жылдың 3-тоқсанында бастау жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында Көкшетау қаласында жылу электр орталықтарын салу жобалары туралы келісім жасалған болатын. Қызметті үйлестіру екі елдің Энергетика министрлігіне жүктелген. Уәкілетті ұйымдар «Самұрық-Энерго» АҚ және "ИНТЕР РАО – Экспорт» ЖШҚ болып белгіленді.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима Акмолинской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Облыс әкімі Марат Ахметжанов «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдерімен өткізген кеңесте Көкшетау қаласында ЖЭО құрылысының жобасын іске асыру мәселелерін талқылады.

Өңір басшысы облыс орталығын жылумен қамтамасыз ету стратегиялық маңызды мәселелердің бірі екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында ЖЭО құрылысына ерекше көңіл бөлінеді. Біз барлық күш-жігерімізді салып, жобаны уәде етілген мерзімде іске асыруымыз керек», - деп атап өтті М.Ахметжанов.

Өз кезегінде «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов кеңеске қатысушыларды жобалық жұмыстардың басталуы және жобаны іске асыру жөнінде алдағы жоспарлар туралы хабардар етті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сәйкес «Самұрық-энерго» АҚ-мен ЖЭО құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін өзектендіру рәсімі басталды және «Көкшетау ЖЭО» ЖШС құрылды.

«ИНТЕР РАО-Экспорт» ЖШҚ-мен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге келісімшарт жасасу келісу сатысында, жер учаскесін бөлу және бастапқы деректерді жинау мәселесі пысықталуда.

Дайындық жұмыстары, атап айтқанда аумақты қоршауды, кірме жолдарды салуды, инженерлік ізденістерді биылғы жылдың 3-тоқсанында бастау жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында Көкшетау қаласында жылу электр орталықтарын салу жобалары туралы келісім жасалған болатын. Қызметті үйлестіру екі елдің Энергетика министрлігіне жүктелген. Уәкілетті ұйымдар «Самұрық-Энерго» АҚ және "ИНТЕР РАО – Экспорт» ЖШҚ болып белгіленді.

Аймақтағы жаңалықтар