Әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі Уәкілі семинар өткізді
Әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі Уәкілі семинар өткізді
Ағымдағы жылдың 20 қыркүйек күні әдеп жөніндегі уәкіл, қала әкімі аппаратының басшысы А. Рахимбаева жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен семинар өткізді.
Семинардың күн тәртібінде Мемлекеттік қызметшілер арасында «Лудомания - ойынқұмарлыққа салыну» (құмар ойынға тәуелділік) мәселесі, Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін сақтау туралы, цифрлық жұмыс орны (ЦРМ) порталын пайдалану туралы, бөлімдердегі мемлекеттік сатып алуларды өткізуде Заңының және қағиданың сақталуы туралы, бірыңғай кадр жүйесі, Қазақстан Республикасының заңдылығына енгізілген өзгерістер туралы сұрақтар қарастырылды.
Семинар соңында әдеп жөніндегі уәкіл, қала әкімі аппаратының басшысы А. Рахимбаева ең көп таралған интернет - алаяқтықтың түрлерін атап өтіп, интернет – алаяқтықтан аулақ болуға шақырды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -