Әкім Ойылдағы көпірдің құрылыс барысын сынға алды
Облыс әкімі О
йыл
ауданының аумағын, өзендердің жағдайын жоғарыдан
қадағ
а
лады
. Бұл су тасқыны қаупін бағалап, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдау мақсатында жасалды
.
Ойыл ауданына жұмыс сапары кезінде
Асхат Шахаров
ауылдың кіреберіс
індегі уақытша техникалық көпірдің
құрылыс
барыс
ын тексерд
і
.
Бұл көпір қар суына шыдас бере алмай зақымданған өткелдің орнына
салынып, орталықтан
уақытша қол үзіп қалған ойылдықтар үшін байланыс болмақ.
Құрылыс учаскесінде 25 б
ірлік арнайы техника және 75-ке жуық
адам жұмыс істеуде.
Құрылысшылар
алдымен тіректерді орнатып, содан кейін
жолдың плиталарын төсейді. Жауапты мекеме алдағы екі-үш күнде көпір құрылысын аяқтап, тапсыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, ол арқылы өтетін қозғалыс та қалпына келтіріледі. Дегенмен, мердігер мекеме өкілдері өңір басшысының сынына ілікті.
«Ұйымдастырушылық қабілеттеріңіз көңіл көншітпей тұр. Барлық жағдайды жасап отырмыз. Мемлекеттік сараптама қаңтарда шыққанын білемін.
Қаржы
ның бір бөлігі
бөлінді. Енді
ж
ұмыстарды тезірек аяқтап, тұрғындардың қауіпсіз әрі ыңғайлы жол жүруін қамтамасыз ету үшін бар күшімізді
с
алуымыз
керек», - деді облыс әкімі.
Жергілікті тұрғындар
өзен арқылы
қайықтарды
пайдалануда
. Халық ешқандай қауіп жоқ.
Аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың айтуынша, ауылда азық-түлік қоры жеткілікті. Тұрғын үйлер газ, жарық, сумен үздіксіз қамтамасыз
е
тілген
.
Сонымен қатар, Асхат Шахаров Ойылдағы балабақша
(
1,5 млрд те
ң
ге)
мен мектептің
(
2,4 млрд те
ңг
е)
құрылысын да тексерді. Қазір жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.
150 орындық б
алабақша осы жазда тапсырылады деп күтілуде.
Ал 320 орынға шақталған білім беру мекемесі жаңа оқу жылында пайдалануға берілуі тиіс.
Өңір басшысы Құрал Дүйсенғалиевтің үйіне барды. Ол бұрын Екпетал ауылында тұрған. Былтыр үйі суға кетіп, отбасымен аудан орталығынан салып берген су жаңа баспанаға көшіп келді. Ол аймақ басшысына қазір жаңа үйінде еш қауіпсіз қалыпты жағдайда тұрып жатқандарын айтып ризашылығын жеткізді.
Жұмыс сапары соңында облыс әкімі инфрақұрылымды қайта қалпына келтіріп, ауылдағы тыныс-тіршілікті
т
ез арада
қалып
қа келтіру
ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын а
лға тартты
.
Ойыл ауданына жұмыс сапары
аясында
облыс әкімі Қаратал ауылына барды.
Ш. Берсиев атындағы ауылдық округ әкімі Әділбек Ізбасов өңір басшысына елді мекенді су тасқынынан қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Қараталда бөгет салынды, құрылысына 866 миллион теңге бөлінді. Су тасқынының алдын алып, еріген қар суының ағынын дұрыс бағыттау үшін арықтарды тазалау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Сонымен қатар, 100 тонна инертті материал, 10 мың қап дайындалып, 10 су сорғыш мотор және 2 қайық сатып алынды.
Былтыр су тасқынынан зардап шеккен барлық ғимарат
жөндеуден өтті. Су басқан балабақшаның орнына 60 орындық жаңа ғимарат салынды.
Аймақ басшысы дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен жаңа балабақшаны да аралап көрді.
Облыс әкімі жүргізіліп жатқан іс-шаралардың маңыздылығына тоқталып, халықты су тасқынынан қорғау және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту басты міндеттердің бірі екенін
тілге тиек етті
.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -