Көмірді суық түскенге дейін сатып алуды ұсынамыз
Құрметті Жетісу облысының тұрғындары!
Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы халыққа ауа райының қолайлы кезінде, суық түскенге дейін қыстық көмір қорын сатып алуды ұсынады. Бұл ретте облыс халқын көмірмен қамтамасыз ету үшін өңірге тәулігіне орта есеппен 15 вагон (1 035 тонна) қатты отын жеткізіліп, түсірілуде.
Бүгінгі күні өңірдегі 35 көмір тұйығы мен қоймаларда 30 мың тонна көмір қоры бар.
Жалпы халықтың алдағы жылыту маусымына қатты отынға деген қажеттілігі 428,5 мың тонна.
Қазіргі кезде облыста бір тонна көмірдің орташа құны 18 600 теңгеден 20 000 теңге аралығында («Шұбаркөл» – 20 000 теңге, «Қаражыра» - 18 600 теңге). Теміржол қатынасы жоқ аудандардағы көмір бағасы 25 000 – 28 000 теңге шамасында.
Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша дайындалды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -