Үкімет қаулысымен сарбаздардың банктік қарыздары бойынша төлемдерін кейінге қалдыру кепілдіктері бекітілмек
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Үкімет қаулысының жобасын әзірледі.
Құжат осы жылдың 19 маусымында Президент қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын іске асыру үшін қабылданады. Бұл мерзімді әскери қызметтегі сарбаздарға банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша төлемді кейінге қалдыру бойынша кепілдіктерді қамтамасыз етуге бағытталған.
Нормативтік құқықтық актінің негізінде мерзімді әскери қызметшілерге әскери борышын өтеу кезеңінде және ол аяқталғаннан кейін 60 күн ішінде банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша кредиттік демалыстар беріледі. Сонымен қатар осы санаттағы азаматтардан кейінге қалдыру туралы өтініш талап етілмейді. Кейінге қалдыру процедурасы автоматты түрде іске асатын болады.
Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында биылғы жылдың 10 шілдесіне дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15098959 сілтеме бойынша таныса аласыздар.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -