Үкіметте өрт қауіпті кезеңге дайындық мәселесі қаралды: Астана қаласы, 15 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Үкіметте өрт қауіпті кезеңге дайындық мәселесі қаралды

Үкіметте өрт қауіпті кезеңге дайындық мәселесі қаралды

Үкіметте өрт қауіпті кезеңге дайындық мәселесі қаралды

Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкіметтің өрт қауіпті кезеңге дайындық мәселесі жөніндегі отырысында сөз сөйледі.

ТЖ министрі хабарлағандай, Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпті кезеңде халықтың және ел аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдауда.

Болжам бойынша, жаз ыстық болады, табиғи өрттердің болу қаупі жоғары. Қазірдің өзінде, елімізде 27 орман өрті және 122 дала жануы тіркелді. Олардың көпшілігі министрлік күштерінің қатысуымен, оның ішінде авиация тарту арқылы жойылды.

Өңірлерде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық іс-шаралар жалғасуда. Орманды дала алқаптары мен демалыс орындарында мобильді топтар рейдтер жүргізіп, нәтижесінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 630 адамға айыппұл салынды. Сонымен қатар, шаруа қожалықтарын аралау жұмыстары жүргізілуде.

Табиғи өрттерге ден қою алгоритмін практикалық пысықтау үшін өткен жылы «Ормандала-2023» оқу-жаттығуы өткізілді. Биыл 15-16 мамырда еліміздің барлық өңірлерінде «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізіледі. Оқу-жаттығуды үйлестіру жөніндегі республикалық штаб Абай облысының «Семей Орманы МОТР» РММ Бородулиха филиалының аумағында орналасқан.  Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн ішінде барлық өңірлерде профилактикалық іс-шаралар кешені, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерімен және құралымдарымен практикалық іс-қимылдар жүргізіледі.

Барлық өңірлерде орман шаруашылығы мекемелерімен 53 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Министрліктің оқу орталықтарында орман күзетінің 1 300 жұмысшысы оқыды.

Әр өңірде ірі өрттермен күресу үшін жалпы саны республика бойынша шамамен 50 мың адам және 10 мыңнан астам техникадан тұратын күштер мен құралдар топтамасы дайындалды. Қазавиақұтқару авиациясының 19 борты тұрақты дайындық режимінде тұр, оның 9-ы су төгетін құрылғылармен жабдықталған. Аэровизуалды барлау үшін 120 ұшқышсыз ұшу аппараты бар.

ТЖ министрлігі азаматтық қорғау қызметтерімен бірлесіп елдегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайтын болады.

«Қазіргі таңда елімізде болып жатқан су тасқыны ТЖМ-ның кез-келген қауіп-қатерлерге дайын екендігін көрсетіп жатыр. Дәл осы режимде өрт қауіпті кезеңде барлық қажетті іс-шаралар ұйымдастырылатын болады», - деп ТЖМ басшысы ақпараттандырды. 

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

 

 



Ақпарат көзі: Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<!DOCTYPE html> <html> <head> <meta http-equiv="Content-Type" content="text/html;charset=UTF-8"> </head> <body> <p>Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкіметтің өрт қауіпті кезеңге дайындық мәселесі жөніндегі отырысында сөз сөйледі.</p> <p>ТЖ министрі хабарлағандай, Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпті кезеңде халықтың және ел аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдауда.</p> <p>Болжам бойынша, жаз ыстық болады, табиғи өрттердің болу қаупі жоғары. Қазірдің өзінде, елімізде 27 орман өрті және 122 дала жануы тіркелді. Олардың көпшілігі министрлік күштерінің қатысуымен, оның ішінде авиация тарту арқылы жойылды.</p> <p>Өңірлерде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық іс-шаралар жалғасуда. Орманды дала алқаптары мен демалыс орындарында мобильді топтар рейдтер жүргізіп, нәтижесінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 630 адамға айыппұл салынды. Сонымен қатар, шаруа қожалықтарын аралау жұмыстары жүргізілуде.</p> <p>Табиғи өрттерге ден қою алгоритмін практикалық пысықтау үшін өткен жылы «Ормандала-2023» оқу-жаттығуы өткізілді. Биыл 15-16 мамырда еліміздің барлық өңірлерінде «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізіледі. Оқу-жаттығуды үйлестіру жөніндегі республикалық штаб Абай облысының «Семей Орманы МОТР» РММ Бородулиха филиалының аумағында орналасқан.  Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн ішінде барлық өңірлерде профилактикалық іс-шаралар кешені, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерімен және құралымдарымен практикалық іс-қимылдар жүргізіледі.</p> <p>Барлық өңірлерде орман шаруашылығы мекемелерімен 53 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Министрліктің оқу орталықтарында орман күзетінің 1 300 жұмысшысы оқыды.</p> <p>Әр өңірде ірі өрттермен күресу үшін жалпы саны республика бойынша шамамен 50 мың адам және 10 мыңнан астам техникадан тұратын күштер мен құралдар топтамасы дайындалды. Қазавиақұтқару авиациясының 19 борты тұрақты дайындық режимінде тұр, оның 9-ы су төгетін құрылғылармен жабдықталған. Аэровизуалды барлау үшін 120 ұшқышсыз ұшу аппараты бар.</p> <p>ТЖ министрлігі азаматтық қорғау қызметтерімен бірлесіп елдегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайтын болады.</p> <p>«Қазіргі таңда елімізде болып жатқан су тасқыны ТЖМ-ның кез-келген қауіп-қатерлерге дайын екендігін көрсетіп жатыр. Дәл осы режимде өрт қауіпті кезеңде барлық қажетті іс-шаралар ұйымдастырылатын болады», - деп ТЖМ басшысы ақпараттандырды. </p> <p><strong> </strong></p> <p align="right"><strong>ҚР ТЖМ баспасөз қызметі </strong></p> <p><strong> </strong></p> <p><strong> </strong></p> </body> </html>

Аймақтағы жаңалықтар

krmm.kz