Көпбалалы отбасыларға қауіпсіз торлар орнатылды
Көкшетауда балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермейтін инновациялық торларды орнату бойынша республикадағы алғашқы қайырымдылық акциясы өтті.
Іс-шараны ТЖ департаменті жеке компаниялардың бірімен және Ақмола облысының Аналар кеңесімен бірлесіп өткізді. Айта кету керек, бұл торлар әлемде теңдесі жоқ және оны елордалық компания патенттеген. Олар 150 кг-ға дейінгі жүктемені көтере алады және балалар мен үй жануарларының терезелерден құлап кетуіне жол бермейді.
Бұл құрылғылар жалпы 20 бала тұратын 4 көпбалалы отбасының пәтерлерінде орнатылды. 3 және 4 қабатты терезелерге орнатқаннан кейін, компания қызметкерлері терезеден құлап кетудің мүмкін сәтін модельдеу арқылы торлардың беріктігін айқын көрсетті.
Көпбалалы аналар ТЖД қызметкерлеріне, кәсіпкерлерге және аналар кеңесіне алғыстарын білдірді. Олардың айтуынша, олар қазір балаларының қауіпсіздігіне сенімді.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -