Кәсіпкерлердің мәселелері тыңдалды
ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов «Ақтөбе» индустриялық аймағының резиденттерімен кездесіп, бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорында болды. Жиналғандар жаңа инвестициялық платформаның жұмысын талқылады. Бірыңғай базада облыс әкімдері мен жауапты кураторлардың деректері мен байланыс нөмірлері қамтылған. Жобаларға қатысты проблемалардың бар-жоғын көруге болады. Яғни, бәрі – Инвестициялар комитетінің бақылауында.
«Ақтөбе облысының әлеуеті өте жоғары. Жаңа кәсіпорындар ашу үшін барлық мүмкіндіктер бар. Біздің тарапымыздан барлық қажетті қолдау көрсетілетін болады. Еліміздегі даму деңгейі бойынша Ақтөбе өңірі төртінші орында және біздің міндетіміз-оның әлеуетін нығайту», - деп атап өтті ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов.
Комитет төрағасының айтуынша, Ақтөбе облысы – инвестициялық әлеуеті жоғары өңір. Платформада бүкіл ел бойынша 704 жоба бар, оның 25-і біздің облыста іске асырылады. Ұсынылған инвестициялық платформа бақылауға өте ыңғайлы. Бұл тек бақылаушы тарапқа ғана емес, кәсіпкерлерге де пайдалы.
«Әрбір инвестор өз жобасының қай сатысында тұрғанын көре алады. Қай мемлекеттік орган мақұлдағанын да. Сондай-ақ, жоба қандай себептермен бас тартылғанын немесе сол немесе басқа құжат неге кешіктірілгенін көруге болады. Облысқа инвестиция тарту экономиканың драйвері және Мемлекет басшысы бұл бағытқа үлкен көңіл бөлетінін атап өткім келеді. Біздің тарапымыздан қойылған міндетті толыққанды іске асыру үшін қолдан келгеннің бәрі жасалуда», - деді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов.
Отырыстан кейін инвестициялық комитет төрағасы бірқатар өндірістер мен бизнес-нысандарды аралады. Өнеркәсіптік аймақта фарфордан жасалған бұйымдар мен керамикалық плиткалар өндірісін қарап шықты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -