ҰҚК Шекара қызметінің 2024 жылғы қазанындағы іс-қимылының нәтижелері туралы
ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында а.ж. қазанда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:
Шекара кеңістігінде 4 640 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушыны ұстады, соның ішінде:27 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін;
30 шетел азаматы шекараны бұзуға әрекеттенгені үшін.
Мемлекеттік шекара арқылы 1 435 заңсыз алып өту фактісінің алдын алынды, оның ішінде:41 факті – есірткі заты;
91 факті – ату қаруы мен оқ-дәрі (1 дана атыс, 3 дана газды және 25 дана суық қару, 123 дана оқ-дәрі, 41 дана электрошокер);
23 факті – діни әдебиет (2 001 дана);
459 факті – жалпы сомасы 9 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалы (43 000 литрден астам);
616 факті – жалпы сомасы 3,4 млрд теңгеден асатын халық тұтыну тауары (соның ішінде киік мүйіздері 1,5 млрд теңгеге жуық, темекі бұйымдары 377 млн теңгеден астам);
204 факті – жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден астам шетел валютасы.
Каспий акваториясында 57 браконьерлік фактінің алдын алынды, сондай-ақ:31 дана – жүзу құралы;
70 км тор – браконьерлік аулау құралы;
299 дана (1 765,1 кг) – бекіре тұқымдас балық;
904 дана (2 165 кг) – таза тұқымдас балық;
13 дана – итбалық.
Алдын алынған залал сомасы шамамен 671 млн теңгені құрады.
Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
Мемлекеттік шекарада қандай-да бір шектеу шаралары енгізілмеген, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде.
ҰҚК баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -