Карағандада оператта жанкүйерлеріне жаңа жыл алдында тосын сый дайындап жатыр
Карағанды академиялық музыкалық комедия театры жаңа қойылым әзірлеп жатыр. Оперетта жанкүйерлері үшін 13 және 14 желтоқсанда «Ах, Оффенбах!» атты оперетта кешінің премьерасы өтеді.
Жак Оффенбах – француз опереттасының негізін қалаушы және ең көрнекті өкілі. Сыншылардың пікірінше, музыка тарихындағы ең ұлы сатириктердің бірі. Классиктің тапқыр туындылары бүгінгі күнге дейін өз танымалдығын жоғалтқан жоқ.
Оның ең танымал шығармалары – «Орфей тозақта», «Сұлу Елена», «Гофман ертегілері» және басқалар. Театр өкілдері Жак Оффенбахтың басқа сахналарда көп қойылмаған екі опереттасын таңдағанын атап өтті.
Бірінші бөлімде көрермендерге «Тромб-аль-Казар» музыкалық комедиясы ұсынылады. Оффенбах бұл шығарманы 1856 жылы жазған. Сахналық қойылым сюжеті негізі – театр әртістерінің өмірінен алынған.
Екінші бөлімде актерлер Оффенбахтың 1861 жылы жазған «Фортунио әні» атты шағын опереттасын орындайды. Қойылым желісі Людовик XIV билік құрған кезеңде, Францияның бір қаласындағы Фортунионың бағында өтеді.
Қойылымды сахналау үшін Ресейден мамандар шақырылды. Режиссер – Николай Покотыло (Мәскеу). Музыкалық жетекші және дирижер-қоюшы – Андрей Алексеев (Санкт-Петербург).
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -