«Каспий су» тұшыту зауытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы
2024 жылдың қазан айында Маңғыстау облысының Дін істер басқармасы «Каспий су» тұшыту зауытының жұмысшыларына діни экстремизм мен терроризмді алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Кезекті іс-шарада аясында ақпараттық түсіндіру тобының маманы Ж.Оңғарбай мен басқарманың оңалту бөлімінің маманы, теолог Р.Прманов Маңғыстау облысының «Каспий су» тұшыту зауытының жұмысшыларына дәстүрлі діннің мейірімділік, адамгершілік, сабырлылық пен әділдік секілді құндылықтар өзегін насихаттай отырып, қатысушыларға ұлттық құндылықтар адамның ішкі дүниесін байытатындығы және қоғамның рухани тірегін нығайтадындығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, қатысушылармен дәстүрлі діннің маңыздылығы қоғамдағы рухани тәрбие мен құндылықтарды көрсететінін, жат ағымдар – дәстүрлі діндерден ауытқып, бұрыс идеологияларды насихаттайтын топтар немесе бағыттар адам санасын бұрмалап, қоғамның тұтастығына, отбасының бірлігіне және мемлекеттің тұрақтылығына қауіп төндіретіндігін айтып түсіндірді.
Өткізілген шара соңында қатысушылар өздерінің ойлары мен сұрақтарын ортаға салып, қажетті мағлұмат алып, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.
Материал Маңғыстау облысының ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -