Каспий теңізінде азаматтарды құтқарған әскери теңізшілер марапатталды
Теңізшілерді Ақтау портында әскери үрмелі аспаптар оркестрімен салтантты жағдайда қарсы алды. Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының міндетін уақытша атқарушы 1-дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков Қорғаныс министрі атынан кеме командирі Нұрбек Талғатқа және жеке құрам мен барлық экипажға көрсеткен кәсібилігі үшін алғысын білдірді.
Ол сондай-ақ штурмандық жауынгерлік бөлім командасының старшинасы аға матрос Әзімхан Әмірхановқа грамота мен бағалы сыйлық табыс етті. Жоғалған адамдардың орнын тез және дәл анықтауға оның гидрометеорологиялық жағдайды түсіндіру және техникалық құралдармен сенімді жұмыс істеу қабілеті көмектесті. Радиолокациялық станцияның көмегімен теңіз секторын зерттегеннен кейін ол теңізде жоғалған адамдарды іздеп тапты.
Естеріңізге сала кетейік, жоғалған азаматтар туралы хабарлама Әскери-теңіз базасының командирі 2-дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлынан сағат 20.00 шамасында келіп түскен болатын. Төрт сағаттан соң жоғалған спортшылар кемеге көтерілді. Олар жағалаудан
5-6 миль қашықтықтағы "Жартасты" мүйіс аймағынан табылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -