KazNARU БАЗАСЫНДА ЖАҢА СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ: Астана қаласы, 21 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

KazNARU БАЗАСЫНДА ЖАҢА СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

20 тамызда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Қазақ-Строй» ЖШС-мен ынтымақтастық шарт негізінде 9 қабатты жаңа студенттік жатақхананың құрылысы салтанатты түрде басталды.

Салтанатты іс-шараға Басқарма төрағасы – Ректоры, ҚР ҰҒА Президенті Ақылбек Күрішбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанна Асанова, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ситуациялық орталығының жетекшісі Аманғали Шаймарданов, инвестор компания «Қазақ-Строй» ЖШС Бас директоры Болат Ибрагимұлы, оқытушылар мен білім алушылар қатысты.

450 орындық жаңа жатақхана жанынан студенттер үшін медициналық орталық тұрғызылмақ. Жалпы инвестиция көлемі 2,3 млрд теңгені құрайды.

Сонымен қатар университеттің бірнеше студенттік жатақханалары толығымен жөндеуден өтті. Ол үшін университет бюджетінен шамамен 160 млн теңге бөлінді. «Ритм Строй ЭК» ЖШС көмегімен жатақхананың сыртқы және ішкі кеңістігі толық жаңғырды: тұрғын бөлмелер, ас үйлер мен дәліздер, тазалық орындары жаңаша дизайнмен өрнектелді, қажетті жиһаздар, мұздатқыштар, кір жуғыш машиналары мен газ плиткалары қойылды. Нәтижесінде заманауи келбеттегі 200 бөлме – студенттерге, 100 бөлме – магистранттар мен жас ғалымдардың игілігіне берілді.

Қазіргі таңда KazNARU студенттері жатақханамен толық қамтамасыз етілді.

видео

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

KazNARU БАЗАСЫНДА ЖАҢА СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

20 тамызда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Қазақ-Строй» ЖШС-мен ынтымақтастық шарт негізінде 9 қабатты жаңа студенттік жатақхананың құрылысы салтанатты түрде басталды.

Салтанатты іс-шараға Басқарма төрағасы – Ректоры, ҚР ҰҒА Президенті Ақылбек Күрішбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанна Асанова, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ситуациялық орталығының жетекшісі Аманғали Шаймарданов, инвестор компания «Қазақ-Строй» ЖШС Бас директоры Болат Ибрагимұлы, оқытушылар мен білім алушылар қатысты.

450 орындық жаңа жатақхана жанынан студенттер үшін медициналық орталық тұрғызылмақ. Жалпы инвестиция көлемі 2,3 млрд теңгені құрайды.

Сонымен қатар университеттің бірнеше студенттік жатақханалары толығымен жөндеуден өтті. Ол үшін университет бюджетінен шамамен 160 млн теңге бөлінді. «Ритм Строй ЭК» ЖШС көмегімен жатақхананың сыртқы және ішкі кеңістігі толық жаңғырды: тұрғын бөлмелер, ас үйлер мен дәліздер, тазалық орындары жаңаша дизайнмен өрнектелді, қажетті жиһаздар, мұздатқыштар, кір жуғыш машиналары мен газ плиткалары қойылды. Нәтижесінде заманауи келбеттегі 200 бөлме – студенттерге, 100 бөлме – магистранттар мен жас ғалымдардың игілігіне берілді.

Қазіргі таңда KazNARU студенттері жатақханамен толық қамтамасыз етілді.

видео

Аймақтағы жаңалықтар