КЕҢГІР АУЫЛЫНДА СПОРТ КЕШЕНІ БОЙ КӨТЕРЕДІ
Нысан құрылысы биыл басталады. Аумағы 1500 шаршы метрден асатын кешенде шағын футбол, волейбол өткізуге арналған аймақтар, теннис корты, баскетбол алаңы, жүгіру жолағы, спорт құрал-жабдығын сақтауға арналған, жаттықтырушылар мен күзетшілерге қажет орындар, киім ауыстыратын, жуынатын бөлмелері көзделген.
Ол үшін бүгін «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева мен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС орнықты даму жөніндегі директоры Сәкен Шаяхметов тиісті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Уағдаластық аясында екі жақ әлеуметтік жобаларды, оның ішінде Ұлытау облысының Кеңгір ауылында ауа-тірек құрылымындағы көпсалалы спорт кешенінің құрылысы жобасын жүзеге асырады.
«Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» корпорациясымен бірлесе салу жоспарланған жаңа спорт нысаны қос тараптың ынтымақтастығы мен өңірлерді қолдауда жемісті қадам болатыны анық», - деп атап өтті Альфия Адиева.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -