Әкелер күніне арналған салтанатты шара өтті
Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия Хатшылығы және облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Әке – отбасының тірегі» атты Әкелер күніне арналған салтанатты шара өтті.
Шараның мақсаты - әкелер институтын нығайту, олардың отбасындағы рөлін арттыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу.
Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов облыстағы әкелердің жетістіктері мен ұрпақ тәрбиелеуде кездесіп жатқан мәселелерге тоқталды.
Шара барысында отбасылық құндылықтарды насихаттау, ата-ана институтын нығайту және қоғамдық істерге белсене араласып, көпке үлгі боларлық жұмыстарды ұйымдастыра отырып, өнегелі ұрпақ тәрбилеген, үлгілі 19 әке облыс әкімі Асхат Шахаровтың атынан Алғыс хатпен марапатталды.
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «Мерейлі отбасы - 2023» облыстық байқауының жеңімпазы, батагөй ата, отанасы Марияшпен 58 жыл тату - тәтті өмір сүріп, 6 бала, 16 немере, 8 шөбере тәрбиелеп отырған Марат Қабижанов жастарға ұлағатты сөзін айтып, батасын берді.
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қайсар Құлымов «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі», «Қазақстанның әкелері» Республикалық әкелер Қоғамдастығының өкілі, №41 мектеп-гимназияның әкелер кеңесінің төрағасы, кітап насихаттаушы Жасұлан Қазгелдіұлы «Отбасымен кітап оқу, талдау мәдениетін қалыптастыру», Ферроқорытпа зауытының бригадирі, балқытушы, 2 ұлдың әкесі Айдарбек Мақатов «Отбасындағы тәртіп және еңбектің пайдасы», Ақтөбе облысы бойынша «Үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының» Президенті Арман Елдесов «Қайырымдылық – әрбір азаматтың міндеті» туралы және 28 баланың әкесі, Үлгілі әке Өмірхан Жетесов іс-тәжірибелерімен бөлісе отырып, өз ұсыныстарын ортаға салды.
Қоғам үшін пайдалы істердің ұйытқысы болып, уақытпен санаспай, өңірде су тасқыны орын алған қиын сәттерде мұқтаж жандарға қол ұшын созған 19 белсенді-волонтерді облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтің Алғыс хатымен марапатталды.
Салтанатты шара әкелердің құрметіне арналған концерттік бағдарламаға ұласты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -