Климат жөніндегі Бонн конференциясы
3 маусымнан бастап Германияның Бонн қаласында қазақстандық делегация Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының 60-шы сессиясының Климат жөніндегі Бонн конференциясының жұмысына кірісті.
Бонн келіссөздері 11-22 қараша аралығында Бакуде өтетін БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының (COP-29) конференциясында қорытынды шешімдерді әзірлеуге дайындық шарасы болып табылады.
Келіссөздер халықаралық климаттық қаржыландыру мәселелеріне, жаңа ұлттық климаттық жоспарларды және 2025 жылдың басында қабылдануы тиіс ашықтық бойынша екі жылдық есептерді әзірлеуге бағытталған.
Форумға әр елден алты мыңға жуық сарапшы қатысуда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -