Конференция туралы хабарландыру
2024 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен бірлесіп «Жасанды интеллект және құқық: Қазақстан Республикасының және шет елдердің тәжірибесі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізуді жоспарлауда.
Конференцияға қатысуға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ҮЕҰ мен қоғамдық бірлестіктердің басшылары мен өкілдері, көрнекті отандық және шетелдік ғалымдар, сондай-ақ жасанды интеллект элементтерін енгізу және пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылар шақырылды.
Конференция барысында жасанды интеллектті құқықтық реттеу, құқық пен жасанды интеллекттің арақатынасы, Қазақстанда және шет елдерде LegalTech индустриясын дамыту мәселелерін талқылау жоспарлануда.
Конференция Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А мекенжайы бойынша орналасқан Qazpatent алаңында 2024 жылғы 24 мамырда сағат 15:00-де өтеді.
Байланыс ақпараты: е-mail:
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -