КОНСТИТУЦИЯ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ, ӨРКЕНДЕУ КЕПІЛІ
Жетісу облысының әкімі
Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың
Қазақстан Республикасының
Конституция күнімен құттықтауы
Құрметті жетісулықтар!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ата Заң – егемендігіміздің кепілі ретінде қоғамның бірлігі мен келісімін нығайтып, тәуелсіздігімізбен тұрақтылығымыздың символына айналды.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізілген Конституциялық реформалар елімізді заң үстемдік ететін әділетті қоғам ретінде орнықтыруға берік негіз болып, алдағы даму бағдарымызды айқындап берді.
Мемлекеттік маңызы бар шешімдерді қабылдауға барша қазақстандықтармен бірге Жетісу облысының тұрғындары да белсене қатысып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын арттыруға елеулі үлес қосып келеді, сол арқылыхалқымыз ел болашағына деген ортақ жауапкершілігінтаныта білуде.
Алдағы уақытта да жетісулықтар Конституция талаптары мен Адал азамат идеясын тірек етіп, қол жеткен жетістіктерді сақтап қана қоймай, оны еселей түсуге ықпал етеді деп сенемін.
Баршаңызға зор денсаулық, толайым табыс, бейбіт те берекелі ғұмыр, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -