Конституциялық Сот: алқабилерді ауыстыру тәртібі сот арқылы қорғалу құқығын тиімді қамтамасыз ету мақсатында нақтылануы керек: Астана қаласы, 30 Қаңтар 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Конституциялық Сот: алқабилерді ауыстыру тәртібі сот арқылы қорғалу құқығын тиімді қамтамасыз ету мақсатында нақтылануы керек

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

Конституциялық Сот азаматтың өтініші бойынша Қылмыстық-процестік кодекстің (ҚПК) 645-бабы төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінің Конституцияға сәйкестігін тексерді.

Тексеруге мыналар негіз болған:Азаматтың пікірінше, бұл нормалар төрағалық етуші судьяға кеңесу бөлмесіне кеткеннен кейін және кесім бойынша дауыс берілгеннен кейін алқабилерді ауыстыруға мүмкіндік беретіндіктен Конституцияға қайшы келеді. Ол көрсеткен ҚПК нормаларында кеңесу бөлмесінде алқабилерді түпкілікті ауыстырудың нақты шегі белгіленбейді, ал алқабиді шеттету туралы шешім сот отырысының хаттамасында ғана көрсетіледі, бұл, сот қаулысынан айырмашылығы, жоғары тұрған сот сатысына шағым жасауға жатпайды. Өтініш берушінің пікірінше, судьяға алқабилер мен судья арасындағы теңдікті бұзатын ауқымды дискрециялық өкілеттік берілген, сондай-ақ өтініш берушінің сот арқылы қорғалу құқығы шектелген.

Конституциялық Соттың қорытында шешімі:Конституциялық Сот барлық материалдарды және заңнаманы жан-жақты зерделеп, Қылмыстық-процестік кодекс ережелері Конституцияға сәйкес келеді деген тұжырымға келді.

Сонымен бірге, Конституциялық Сот өз шешімінде кесім шығарылғаннан кейін алқабиді ауыстыру және осыған байланысты алқабилер алқасының таратылуы сотталушының әділ сот талқылау құқығына нұқсан келтіреді деп атап өтті. Бұл, егер кесім ақтау кесімі болса, ерекше маңызды. Егер алқабилер алқасы кесім шығарған болса, алқабилерді ауыстыруды және осыған байланысты алқаның таратылуын қоса алғанда, кез келген араласу әділ сот талқылауының негізгі кепілдіктерінің құқықтық мәнін, шешім түпкіліктілігі мен құқықтық айқындылығы қағидатын жоққа шығарады және Конституцияның 77-бабының 2-тармағын бұзады.

ҚПК-нің 645-бабына сәйкес, егер қосалқы алқабилер саны алқаны қалыптастыру үшін жеткіліксіз болса,алқабилер алқасы міндетті түрде таратылады.

Конституциялық Сот қылмыстық-процестік заңнаманы одан әрі жетілдіру кезінде негізгі құрамдағы алқабилерді қосалқы алқабилермен ауыстыру қажеттігі алқабилер алқасының мәжбүрлі таратылуына алып келмейтін не мұндай тәуекелдердің орын алуын едәуір азайтатын жағдайларды көздеуді ұсынды.

Конституциялық Сот заң деңгейіндегі жекелеген құқықтық олқылықтарды да көрсетіп, Үкіметке алқабилердің қатысуымен сот арқылы қорғалу конституциялық құқығын іске асыру тетігін күшейту мақсатында қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс шеңберінде оларды реттеуді ұсынды.

Конституциялық Соттың ұстанымдары мен қабылданған шешімі туралы толық ақпарат ресми сайтта https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/789068?lang=kk

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар