Конституциялық Сот елорданың экологиялық бастамаларына белсенді қатысты
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары мен Аппарат қызметкерлері елордада өткізіліп жатқан ауқымды экологиялық акцияларға қатысты. Қаланы абаттандыру мен көгалдандыруға бағытталған TazaAstana қалалық науқаны аясында олар емен, қайың және қарағай көшеттерін отырғызды.
Сондай-ақ, Конституциялық Соттың өкілдері халықаралық бастамаларды қолдады. Олар Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігі мен Эстонияның Қазақстандағы елшілігі World Clean-up Day және #eubeachcleanup жаһандық науқаны аясында ұйымдастырған экологиялық акцияға қатысты. Шара Астанадағы Қарасу өзенінің жағасында өтті, онда қатысушылар қалалық су айдындары мен қоршаған ортаның тазалығын сақтауға қосқан жеке үлестерін көрсете отырып, аумақты қоқыстан тазартты.
Телеграмм КС -
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -