Конституциялық Сот: мұрагерге жер пайдалану құқығының өсиет бойынша ауысуын шектеу Конституцияға сәйкес келмейді: Астана қаласы, 30 Қаңтар 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Конституциялық Сот: мұрагерге жер пайдалану құқығының өсиет бойынша ауысуын шектеу Конституцияға сәйкес келмейді

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

Конституциялық Сот азаматтың Жер кодексінің 40-бабы 1-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішін қарады, осы тармаққа сәйкес жер пайдалану құқығы әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен заң бойынша мұраға ие болу кезiнде немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда ғана ауысуы мүмкін. Өсиет бойынша мұраға ие болу кезінде жер пайдалану құқығының құқықтық мирасқорлығы аталған нормада көзделмеген.

Тексеруге мыналар негіз болған:

Конституциялық Сотқа жүгінген өтініш беруші шаруа қожалығы мүшесі құрамына кірген жұбайы қайтыс болғаннан кейін қалған, шаруа қожалығын жүргізуге нысаналы мақсаты бар төрт жер учаскесі түріндегі мұрагерлік мүлікке өсиет бойынша мұрагер болып табылады. Мұра алушының өзі шаруа қожалығының мүшесі болмаған.

Жер пайдалану құқығының құқықтық мирасқорлығы мәселесі бойынша өтініш беруші мен басқа мұрагерлердің арасындағы дауға қатысты төмен тұрған соттардың шешімдерін қарау нәтижелері бойынша Жоғарғы Сот Жер кодексінің аталған нормасы негізінде өтініш берушіге жер пайдалану құқығының өсиет бойынша мұраға ие болу кезінде әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен өтуі мүмкін емес деген тұжырымға келді.

Азамат өзі дау айтып отырған Жер кодексінің нормасы Конституцияның 14-бабында, 26-бабының 2-тармағында және 39-бабының 3-тармағында бекітілген конституциялық құқықтары мен кепілдіктерін (заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең; кемсітушілікке жол берілмейді; меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі; аталған құқықтар мен бостандықтар ешбір жағдайда да шектелуге жатпайды) бұза отырып, заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлер арасында негізсіз айырмашылық туғызады деп есептейді.

Конституциялық Соттың қорытында шешімі:

Жер кодексінің аталған нормасының Конституцияға сәйкестігін тексеру және Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығын талдау нәтижелері бойынша Конституциялық Сот Жер кодексінің нормалары жер пайдалану құқығының өсиет бойынша мұраға ие болу кезінде ауысуына жол бермеу бөлігінде Конституцияға сәйкес келмейді деген тұжырымға келді.

Атап айтқанда, Конституциялық Сот Конституцияның 39-бабы 3-тармағының құқықтық мағынасын негізге ала отырып, жер пайдалану құқығының өсиет бойынша мұраға ие болу кезінде ауысуы ешбір жағдайда шектелмеуге тиіс деп көрсетті. Өсиет бойынша мұраға ие болуды шектеу мұра қалдырушының ерік-қалауын бұзады және мұрагерлер арасында кемсітушілік туғызады, теңдік пен құқықтық айқындылықтың конституциялық қағидаттарын бұзады, сондай-ақ заңнамада бекітілген мүлікке мұрагерлік туралы ережелерге қайшы келеді.

Осы жазылғандардың негізінде, Конституциялық Сот Жер кодексінің 40-бабы 1-тармағының ережесі «заң бойынша» деген сөздер бөлігінде Конституцияға сәйкес келмейді деп таныды және соттар мен өзге де құқық қолдану органдарының Жер кодексінің осы ережесіне негізделген шешімдері орындалуға жатпайды және белгіленген тәртіппен қайта қаралуға тиіс деп қаулы шығарды.

КС нормативтік қаулысының толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/789530?lang=kk

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар