Конституциялық Сот: шартты түрде мерзімінен бұрын босату қылмыстық заңға сәйкес қарастырылуы керек: Астана қаласы, 28 Желтоқсан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Конституциялық Сот: шартты түрде мерзімінен бұрын босату қылмыстық заңға сәйкес қарастырылуы керек

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңнамасының уақытқа қарай қолданылуын айқындайтын Қылмыстық-атқару кодексінің 2-бабы екінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы азаматтардың өтініштерін қарады.

Аталған нормаға сәйкес жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау және өтеу, сотталғандарға түзеу құралдарын қолдану, сондай-ақ босатылатын сотталғандарға көмек көрсету оларды орындау кезінде қолданыста болатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Азаматтардың Конституциялық Сотқа жүгінуіне соттардың қылмыстық жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартуы себеп болды. Соттар өз шешімін ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған адамдарға жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануды шектейтін Қылмыстық кодекстің 72-бабының сегізінші бөлігінің 3) тармағына және Қылмыстық-атқару кодексінің 2-бабының екінші бөлігіне сілтеме жасай отырып, уәждеді.

Өтініш иелерінің пікірінше, Қылмыстық-атқару кодексінің дау айтылып отырған нормасы Конституцияға қайшы келеді, өйткені шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу енгізілгенге дейін жасалған тиісті санаттағы қылмыстар үшін сотталғандардың жағдайын нашарлатады.

Кодекстің көрсетілген нормасының конституциялылығын тексеру нәтижелері бойынша Конституциялық Сот дау айтылып отырған норманы Конституцияға сәйкес деп таныды.

Бұған дейін Конституциялық Сот 2024 жылғы 16 мамырдағы №44-НҚ нормативтік қаулысында жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану-қолданбау мәселелері қылмыстық заңның өзінде белгіленген кері күш ережелері ескеріле отырып, шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану кезінде қолданыста болатын (кінәлі деп тану және жазалау туралы үкім шығаруға негіз болған) қылмыстық заңға сәйкес шешіледі деп көрсеткен болатын.

Сонымен қатар, Конституциялық Сот сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында Жоғарғы Сотқа қабылданған нормативтік қаулыдағы құқықтық ұстанымдарды ескере отырып, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану мәселелері бойынша қосымша түсіндірулер беруді ұсынды.

КС нормативтік қаулысының толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/770861?lang=kk

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар