Конституциялық Сот өсиет бойынша мұрагерлік кезінде жерді пайдалану құқығын шектеудің Конституцияға сәйкестігін тексереді
Конституциялық Сотта азаматтың Жер кодексінің 40-бабы 1-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы отырыс өтті. Осы норма жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен ауысуы заң бойынша мұраға ие болу кезiнде немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда құқық мирасқорында жер пайдалану құқығының туындауын бiлдiредi.
Өтініш берушінің пікірі:
көрсетілген норма өсиет бойынша мұрагерлерге заңды, даусыз және күші жойылмаған өсиет болған кезде мүлікке қатысты құқықтарын жүзеге асыруына кедергі келтіреді.
Өтінішті қарау жөніндегі отырысқа қатысқандар: өтініш иесі және оның адвокаты, Парламент Палаталарының, Бас прокуратураның, әділет, ауыл шаруашылығы министрліктерінің, Республикалық нотариаттық палатаның, Парламентаризм институтының, заңнама және құқықтық ақпарат институтының өкілдері.
Баяндамашы судья: Ескендіров А.Қ.
Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық заңның 65-бабына сәйкес КС ресми сайтында сілтеме бойынша https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/activities/directions?lang=kkhttps://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/activities/directions?lang=kk, «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланатын болады.
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -