Конституциялық Сот: сотталған адам адвокаттық және медициналық көмек алуға құқылы
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Конституциялық Сот Қылмыстық-атқару кодексінің 109-бабы екінші бөлігінің, 134-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртiптеме қағидаларының 104-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы азаматтың өтінішін қарады.
Конституциялық Сотқа жүгінуге сотталған адамға қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің тәртіптік изоляторында болған кезінде телефон арқылы адвокаттық көмек алуға рұқсат бермеу себеп болды.
Өтініш иесінің пікірінше, телефон арқылы сөйлесуге тыйым салу туралы дау айтылып отырған нормалар өзін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілмен қорғауға конституциялық құқығын, сондай-ақ білікті заң көмегін және медициналық көмек алу құқығын бұзады деп есептейді.
Конституциялық Сот мынаны көрсетті.
Конституцияда бекітілген әркімнің білікті заң көмегін алу құқығы ешбір жағдайда шектелуге жатпайды.
Қылмыстық-атқару кодексте жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзған сотталған адамдардың құқықтарына белгілі бір шектеулердің бекітілуі, олар адамның қадір-қасиетін қорламаса және заң деңгейінде ғана бекітілсе, сондай-ақ жасалған бұзушылыққа мөлшерлес болса, Конституцияға қайшы келмейді.
Тексеру қорытындысы бойынша Конституциялық Сот Қылмыстық-атқару кодексінің 109-бабының, 134-бабының және Қағидалардың 104-тармағының ережелеріне осы нормалар сотталған адамның жазасын өтеудің қатаң шарттарында болған, сондай-ақ жазалау тәртібімен тәртіптік изоляторда ұсталған кезеңде білікті заңгерлік немесе медициналық көмек алу мақсатында телефон арқылы сөйлесу құқығын шектемейтінін көрсететін Конституцияға сәйкес түсіндірме берді.
КС нормативтік қаулысының толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/770974?lang=kk
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -