Конституциялық Соттың судьясы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Бизнес және құқық жоғары мектебінде дәріс оқыды
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Бизнес және құқық жоғары мектебінде Конституциялық Сот судьясы Еркін Оңғарбаев «Конституциялық Сот және оның қылмыстық заңнама шеңберіндегі құқықтық ұстанымдары» тақырыбында қонақ дәрісін оқыды.
Судья Конституциялық Соттың қызметі, оның негізгі функциялары және қаралған істер туралы айтып, соттың қылмыстық заңнамадағы құқықтық ұстанымдарының маңыздылығына назар аударды. Дәріскер студенттер арасында қызығушылық тудырған Конституциялық Соттың құқық қолдану және маңызды шешімдеріне қатысты мәселелерді жан-жақты қарастырды.
Дәріс соңында Еркін Оңғарбаев еліміздің құқықтық білімі мен құқықтық мәдениетін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Құрметті профессоры» атағына ие болды. Университет ректоры Марат Сырлыбаев судьяға мантия мен профессор дипломын салтанатты түрде табыс етіп, құқықтық ғылым мен білім беру процесінің дамуына қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.
Телеграмм КС -
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -