Копа көлінің жағалауын жыл соңына дейін аяқтауға уәде беріледі
Қопа көлінің жағасында жол салуға 120-дан астам адам және 60 бірлік арнайы техника қатысады. Ұзындығы 1,7 км жаңа автожолда асфальттың үшінші қабаты төселеді, тротуарларға жиектер, су өткізгіш науалар, және т. б. орнату жүргізілуде.
«АБК-Автодор НС» ЖШС өкілдерінің айтуынша, жобаны іске асыру жоспарлы түрде және жұмыс жүргізу кестесіне сәйкес іске асырылуда.
Бұл облыс орталығының маңызды жобаларының бірі, ол туристік тартымдылықты арттырады және негізгі көшелердегі автокөлік ағынының жүктемесін азайтады.
Жобаны сапалы іске асыру мәселесі Ақмола облысы басшылығының тұрақты бақылауында.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -