Креативті индустрия паркінде сән залы ашылды
Абай облысындағы креативті индустрия паркі өзінің жұмыс аясын кеңейтіп келеді. Бұл өңіріміздегі шығармашылық саланың дамуына тың серпін бермек. Бүгін аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев арнайы барып, іске асырылған жобалармен танысты.
Сонымен қатар алаңда «Brilliant» шығармашылық мектебінің негізін қалаушы Мәдина Еділбекованың жетекшілігімен ұйымдастырылған сән көрмесінің ашылуы өтті. Ол жергілікті дизайнерлерге шығармашылық даму мен кең мүмкіндіктерге жол ашады. Сонымен қатар түрлі стильдегі дизайнерлерді біріктіретін алаң болмақ. Бұл жерде оларға өз өнімдерін сатып қана қоймай, идея алмасуға, ынтымақтастық құруға және іс-шаралар ұйымдастыруға мүмкіндік тумақ.
Сондай-ақ, паркте «Talk like» оқырмандар клубының алғашқы кездесуі өтті. Жоба қазақ тарихы мен мәдениетін жаңғыртып, ұлттың бай мұрасын болашақ ұрпаққа ұсынады. Мұнда оқырман клубы, жазушылар клубы, қисса-дастандар клубы жұмыс істейді.
Сондай-ақ, «Ойсалар talks» подкастының түсірілімі өткізіліп, спикерлер мен креативті индустрия өкілдері осы бағытты дамыту бойынша өз тәжірибелері мен идеяларымен бөлісті.
Креативті индустрия паркін аралаған облыс әкімі жобаларды одан әрі жетілдіру үшін жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Креативті индустрия паркі - өңірдің шығармашылық адамдарын ортақ мақсат пен креативті экономиканы дамыту және өңірдегі инновацияларды ынталандыруға біріктіруге арналған платформа болып табылады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -