Кредиттік бюроға қойылатын талаптарды күшейту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) 2024 жылғы 16 тамыздағы №59 қаулысымен «Кредиттік бюролардың, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер болып табылатын ақпарат берушілердің және кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 3-тармағының 9) тармақшасына сәйкес кредиттік бюролардың ақпаратты берушілерге және кредиттік есептерді алушыларға қойылатын талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 228 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Қаулымен қашықтан қызмет көрсету үшін бағдарламалық қамтылымның қауіпсіздігі бойынша кредиттік бюроларға қойылатын қосымша талаптар белгіленді. Талаптарға сәйкес кредиттік бюролар бағдарламалық қамтылымды пайдалануға бергенге дейін оның бастапқы кодының қауіпсіздігіне талдау жасайды және анықталған кемшіліктерді жояды.
Қаулыда кредиттік бюролардың веб-қосымшалары мен мобильдік қосымшаларын әзірлеудің де, оларды пайдаланудың да қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі қосымша айқындалған. Кредиттік бюролардың мобильдік қосымшаларының, егер операциялық жүйенің қорғаныс тетіктерін бұзу немесе клиенттің құрылғысын қашықтан басқару белгілері анықталса, қашықтан қызмет көрсетуді бұғаттауы көзделген.
Бұл нормалар кредиттік бюроларды бағдарламалық қамтылымның қауіпсіздік нормаларын күшейтуге міндеттейді, бұл азаматтар үшін олардың деректерін өңдеу кезінде қосымша қорғаныс болады.
Құжатта кредиттік бюроларды Агенттіктің ақпараттық қауіпсіздік салалық орталығының ақпаратпен алмасу жүйесіне қосу бойынша қосымша талаптар айқындалған, бұл кредиттік бюролардың ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің жай-күйі, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы ақпаратты онлайн-режимде алуға мүмкіндік береді.
Агенттіктің сыртқы коммуникациялар Басқармасы
+7 (727) 237 1089
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -