«Кредиттік рейтингтік агенттіктер туралы» Заң жобасын әзірлеу туралы: Алматы қаласы, 05 Ақпан 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

«Кредиттік рейтингтік агенттіктер туралы» Заң жобасын әзірлеу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Кредиттік рейтингтік агенттіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын (бұдан әрі – заң жобасы) әзірледі.

Заң жобасы Қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары 6-бағытының 2-міндеті 2-тармағының 6) тармақшасын орындау шеңберінде әзірленді, оған сәйкес жергілікті рейтингтік агенттіктерді құру үшін тиісті жағдайларды енгізу және оларды реттеу мен қадағалаудың оңтайлы режимін айқындау көзделген.

Заң жобасы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысына сәйкес әзірленді және кредиттік рейтингтік агенттіктер қызметінің құқықтық жағдайы мен қағидаттарын белгілеуге бағытталған.

Сонымен бірге Заң жобасында мүдделер қақтығысын басқару, кредиттік рейтингтік агенттіктердің ақпаратын жария ету және оларды корпоративтік басқару жөніндегі талаптарды белгілеу, сондай-ақ олардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын органның өкілеттіктерін айқындау көзделеді.

Заң жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында танысуға болады.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Кредиттік рейтингтік агенттіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын (бұдан әрі – заң жобасы) әзірледі.

Заң жобасы Қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары 6-бағытының 2-міндеті 2-тармағының 6) тармақшасын орындау шеңберінде әзірленді, оған сәйкес жергілікті рейтингтік агенттіктерді құру үшін тиісті жағдайларды енгізу және оларды реттеу мен қадағалаудың оңтайлы режимін айқындау көзделген.

Заң жобасы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысына сәйкес әзірленді және кредиттік рейтингтік агенттіктер қызметінің құқықтық жағдайы мен қағидаттарын белгілеуге бағытталған.

Сонымен бірге Заң жобасында мүдделер қақтығысын басқару, кредиттік рейтингтік агенттіктердің ақпаратын жария ету және оларды корпоративтік басқару жөніндегі талаптарды белгілеу, сондай-ақ олардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын органның өкілеттіктерін айқындау көзделеді.

Заң жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында танысуға болады.

Аймақтағы жаңалықтар