Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін жетілдіру туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша есептеу сомасын есептеу қағидаларын, сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың есептемесі мен тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 22 қарашадағы № 94 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы жобасының (бұдан әрі – Жоба) әзірленгені туралы хабарлайды.
Жоба «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу шеңберінде Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленді.
Жобада мемлекеттен бастапқы білім беру капиталын есептеу бөлігінде білім беру жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін есептеу және жүзеге асыру қағидалары нақтыланады.
Жобаның толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -